
Биыл Қарағанды облысында желіге 165 жаңа автобус шығады. Өңірде қоғамдық көліктер жаңартылуда.

Елу тоғыз автобус Саран Qaztehna зауытынан № 5 автопаркке жеткізілді.

Бұл Пришахтинск тұрғындарының көпжылдық проблемасын шешуі тиіс.

– Біз 59 жайлы автобус сатып алдық.

Олар климатты бақылау, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ ақылды камералармен жабдықталған. Мысалы, егер жүргізуші шаршаса, ұйықтап қалса, темекі шексе немесе телефонмен сөйлессе, бұл камералар бәрін түсіріп, бұзушылықтар туралы сигнал береді. Біз нақты уақыт режимінде барлығын қадағалап отыруға техникалық мүмкіндігіміз бар, – дейді "№ 5 автобус паркі" ЖШС Бас директоры Нұрлан Елшібаев.

– Сондай-ақ, автобустар жылдамдықты шектейтін датчиктермен, жүріп-тұруы қиын жолаушыларға арналған көтергіштермен жабдықталған. Олардың клиренсі жоғары, жүргізушіге қоңырау шалу түймесі бар. Автобустар "Еуро-5" экологиялық стандартына сәйкес келеді.

Жаңа автобустардың бір бөлігі қала орталығы мен Пришахтинск арасында жүреді. 145-ші және 45-ші маршруттардағы жылжымалы құрамды жаңарту тұрғындар үшін жағымды жаңалық.

Екінші міндет – қоғамдық көліктің жұмыс уақытын ұзарту, деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Аймақ басшысы автопарк басшылығымен кездесіп, жаңа автобустарды аралап көрді.

– Біз үшінші жыл қоғамдық көлікті жаңартумен тығыз айналысып келеміз, ONAY! электронды билеттеу жүйесін енгіздік. Тек қалалық маршруттарда ғана емес, сонымен қатар қала маңындағы маршруттарда да жол жүруді екі есеге жуық арзандатуға мүмкіндік жасадық. 18 жасқа дейінгі балалар тегін жол жүреді, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Қазір бізде автопарк 80%-ға жаңартылды. Енді Пришахтинск тұрғындары үйге жетуі үшін автобустардың жұмыс уақытын 21:00-ге дейін ұзарту мәселесі ғана қалды. Облыстық автобустарды да жаңартамыз. Жыл соңына дейін барлығы 33 көлік сатып аламыз, сегізі ең сұранысқа ие бағыттардың бірі Қарағанды – Теміртауға шықты. Жақын арада Балқаш қаласының да автобус паркі жаңарады. № 5 автопарктің иелері сол жерде де жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда басты мәселе білікті жүргізушілердің тапшылығы болып қала береді. Мысалы, № 5 автопаркте 60-тан астам маман жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін Спасск тас жолының маңында жаңа автодром жабдықталуда. Онда D санатына үміткер жүргізушілер жүргізу техникасын жетілдіре алады.