
Қарағандылық Егор Желтов Абу-Дабиде (БАӘ) ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Жарысқа 46 елден 653 спортшы қатысты.

Қазақстанның атынан 35 жауынгер өнер көрсетті. Біздің спортшылар үш алтын және алты қола медаль жеңіп алды. Қарағанды облысынан ел құрамасына бес адам кірді.

Олардың барлығы лайықты өнер көрсетті, бірақ Егор Желтовтың жақсы нәтижесі ең үзбік болды – 16–17 жас тобында 52,2 кг салмақ дәрежесінде ол әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

– Мен 10 жылдай спортпен шұғылданамын, ал ММА-мен екінші жыл ғана. Негізі менде қоян-қолтық күрес, жауынгерлік самбо спорт түрлері дамыған. Биылғы жылы әлемдік чемпионатта Абу-Дабиде төрт жекпе-жек өткіздім, оның үшеуінде жеңіске жеттім. Бірінші раундта Оңтүстік Африкадан келген жауынгерді тұншықтырып жеңдім, Польша мен Болгариядан келген спортшылардан басым түскенімді қазылар алқасы бірауыздан құптады. Тәжікстаннан келген жауынгерге жеңіліп қалдым. Тәжірибе жеткіліксіз деп санаймын. Келесі жылы жоғары нәтиже көрсете аламын деп үміттенемін, – деді Егор Желтов.

Спортшы "Ермолаев 07" клубында айналысады. Оны Дмитрий Ермолаев жаттықтырады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша