Қарағанды облысының парашютшілері ел және Қарулы Күштер чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

Қарағанды облысының парашютшілері ел және Қарулы Күштер чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

Қарағанды облысының құрамасы Алматыда өткен классикалық парашют спорты мен топтық акробатикадан (екі) ел мен Қарулы Күштердің XXX ашық чемпионатында бес алтын, үш күміс және алты қола медаль жеңіп алды.

Жарысқа 51 спортшы қатысты, оның ішінде 7 әйел болды.

Қарағанды облысы құрамасының намысын 12 спортшы қорғады. Ең жасы Сабир Сұлтанов небәрі 16 жаста. Ол парашютпен 200 рет секірген. Ел чемпионатында ол "жасөспірімдер" жас санатында өнер көрсетіп, "жеке қону дәлдігі" және "топтық акробатика" жаттығуларымен екі қола медаль жеңіп алды.

– Сабир шамамен үш жыл бойы парашютспортымен айналысады. Бұл біздің отбасылық құмарлығымыз. Менің анам да осы спортпен айналысты. Ол 500-ге жуық реет парашютпен секірген. Менің парашютпен секіруге деген сүйіспеншілігім де анамнан. Ал менен ол ұлыма дарыды, – дейді Сабирдің әкесі Ренат Сұлтанов. – Топтық акробатикада екеуміз бірге өнер көрсеттік. Бізбен бірге оператор Антон Шарафутдинов болды.

Қону дәлдігінде топтық секірулерде Ренат Сұлтанов, Сергей Жолдин және Антон Шарафутдинов қола медаль жеңіп алды. Біздің құраманың қоржынына тағы екі алтын мен бір күмісті Сергей Жолдин әкелді. Қону дәлдігіне және акробатикалық фигуралар кешенімен жеке секірулерді тамаша орындап, ол қоссайыста Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болды.

Әйелдер арасында Алена Кирда ерекшеленді. Ол қону дәлдігі үшін жеке секірулерде үшінші орынға ие болды.

Облыс құрамасы Қарулы Күштер чемпионатының қону дәлдігіне топтық секірулерде де озат болды.

Ренат Сұлтанов, Сергей Жолдин және Антон Шарафутдинов бірінші орынға ие болып, Қарулы Күштердің чемпиондары атанды.

Сондай-ақ, облыс құрамасы Қарулы Күштер чемпионатында екі алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Дмитрий Дегтярёвтың фотолары