
Қарағанды облысында үш жас кәсіпкер әйел «Бір ауыл – бір өнім» жобасында үздік деп танылды. Олардың екеуі шағын фермаларда жұмыс істейді, сиыр мен ешкі сүтінен өнім шығарады. Тағы бірі жылыжай шаруашылығын құрған. Жеңімпаздар республикалық көрмеге қатысады.

"Байқауға ауыл кәсіпкерлерінен 20 өтінім берілді. Жобаға қатысушылар жергілікті шикізаттан алынған өнімдерді "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрмесінде ұсынды. Финалға 10 жоба шықты, оның ішінде бренд-комитет үшеуін таңдады", – деп хабарлады Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы.
«Бір ауыл – бір өнім» жобасы Жапониядан бастау алады. Оның мақсаты – ауыл кәсіпкерлігінің әлеуетін ашу, осылайша іс тұрақты табыс әкеледі.
Жоба жеңімпаздары өздерінің бизнес тарихымен бөлісті.

Ботагөз Абдуалиева қалада тұрды. Университетте инженер-материалтанушы мамандығын меңгеріп, зертханада жұмыс істеген. Бірақ түбегейлі өзгерістерге бел буған. Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылында шағын ферма ашқан.

Сиыр сүтінен ірімшік, йогурт жасайды.
– Мен қала адамымын, бірақ ауылға көштім. Сиырларды қолмен саууды үйрендім. Жеті жыл бұрын мен бірінші сиырымды сатып алдым. Содан кейін төртеу болды, қазір он. Олардың барлығы сүт тұқымы. Мен сауын аппаратын сатып алдым – өндірісте бұл маңызды: сүттің сапасы жақсырақ. Білім жетіспеді, сүт өңдеу бойынша оқыту курстарынан өттім. Мұндай қолдаудың болғаны жақсы, әйтпесе өсу, даму мүмкін болмас еді, – дейді Ботагөз. –Біздің фермамыз отбасылық – күйеуімізбен, ата-аналарымызбен, бауырларымызбен бірге жұмыс істейміз. Тіпті екі жасар қызым да іспен айналысады.

Сәуле Атабаева – көп балалы ана, оның төрт қызы бар: ең кішісі қазір 2 жаста, үлкені – 12-де. "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз жобасын қорғап, грант алды. Екі жылыжайда қияр, қызанақ және ас көк өсіреді.

Жаңа піскен және консервіленген көкөністерді тапсырыс бойынша сатады. «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысу сатылымды кеңейтуге көмектеседі деп үміттенеді. Қазірдің өзінде ол басқа жылыжай сатып алу және қосымша ассортимент туралы ойланып жүр.

Абай ауданы Дубовка ауылының тұрғыны Жансая Серік ешкі фермасын ашты. Бұл кәсіпкерлікке бірден келген жоқ. Білімі бойынша байланысшы болған ол алдымен кәсіпкерліктің негіздерін игерді, грант алды және 10 ешкі сатып алды.

Қазір ешкі сүтін, сондай-ақ өзі өндіретін йогурт пен ірімшік сатады.
– Басқа ойларым болды, бірақ мал шаруашылығын таңдадым. Ешкі сүтінен жасалған өнімдер дәмді және пайдалы. Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың болғаны жақсы. Көмек тек қаржылық қана емес, сонымен қатар тегін оқыту, жетіспейтін білім алу мүмкіндігі, – дейді Жансая.
Жоба жеңімпаздарына өнімді брендтеуге және сертификаттауға, өнімді нарыққа шығаруға көмектеседі. Маркетингтік қолдау көрсетіледі.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы – кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Мен кәсіпкер" бағдарламасының құрамдас бөліктерінің бірі.