Қала дауысы: кәсіби емес вокалистер Қарағандыдағы караоке байқауына қатыса алады

Қала дауысы: кәсіби емес вокалистер Қарағандыдағы караоке байқауына қатыса алады

Қарағанды орталық саябағында 11 тамызда сағат 18:00-де Сity Voice караоке байқауы өтеді. Оған 18 жастан бастап кәсіби емес орындаушылар қатыса алады.

Қатысушылар Орталық саябақтың жаңа сахнасында сағат 17.00-ден 17.45-ке дейін тіркеледі.

Қатысушылардың өнері келесі өлшемшарттар бойынша бағаланады:

- орындау шеберлігі;

- әртістік;

- вокалдық деректер.

Конкурсанттардың өз дыбыстық тасымалдағыштарын пайдалануына жол берілмейді.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушы – Кеншілер мәдениеті сарайы.

Байқау туралы толығырақ мына телефондар арқылы білуге болады: 8-707-121-83-99, 8-702-164-81-87.