
Қарағанды қаласының Ten Qogam Мүгедек адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы балаларды мектепке дайындауға көмектесу үшін кеңсе тауарлары мен рюкзактар қабылдайды.
"Акция 25 тамызға дейін жалғасады. Кеңсе тауарлары мүгедек балаларға немесе балалары бар мүгедек ересектерге беріледі. Рюкзактар, қаламдар, қарындаштар, пластилин және басқа да кеңсе тауарлары қабылданады", – деді Ten Qogam орталығында.
Мектеп керек-жарақтары Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайы бойынша қабылданады.
Науқан туралы толығырақ мына нөмір бойынша білуге болады: +7-777-540-44-94.