
Қарағанды хайуанаттар бағында қала тұрғындарының көмегімен жаңа туған жолбарыстардың есімдері таңдалды. Жолбарыс күшіктерін атауға барлығы 400 адам қатысты.
Қарағандылықтар әртүрлі атауларды ұсынды – Хан және Тәңірі, Кара мен Ганди, Бархан мен Сахара, Люк пен Лея және тағы басқалар.
"Көп талқылаудан кейін біз жолбарыстардың есімдерін таңдадық. Аталығының аты – Шерхан, ал ұрғашысының аты – Шива. Бұл есімдерді ұсынған жеңімпаздар @ _ _rasilevna _ және @dairlayra. Жолбарыстарға арналған атаулар байқауына барлығы 400 – ден астам адам қатысты", – деп жазды @krgzoo Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Қарағанды хайуанаттар бағында 15 жылда алғаш рет жас жолбарыстардың жұбында ұрпақ пайда болды. Батыр мен Миа ата-ана атанды. Жолбарыстарға ат қою уақыты келгенде, хайуанаттар бағы дәстүр бойынша келушілерге жүгініп, байқау жариялады.

Жақында хайуанаттар бағы жолбарыс күніне арналған сурет байқауын қорытындылады. Үш жеңімпаз жүлдеге ие болды, ал қалған барлық қатысушыларға хайуанаттар бағына тегін бару (бала мен оның ата-анасы үшін), сондай-ақ балмұздақ беріледі.
