
Қарағанды облысында "Мен кәсіпкер" ұлттық жобасы аясында әйелдерге арналған тегін курстар басталды. Бірінші топ оқуын аяқтап үлгерді. Тігін ісінің шеберлігін 30 әйел игерді.
– Бұл барлық тілек білдірушілерге арналған курстар. Қатысушылар облыстың барлық қалалары мен аудандарынан келді. Жас мөлшерлері де әр түрлі - жастар және зейнетке шығуға шамалы уақыты қалған әйелдер. Оқытуды тәжірибелі шеберлер жүргізді, сабақтар теориялық және практикалық бөлімдерден құралды. Қатысушыларға тігін цехын қалай ұйымдастыру керектігі көрсетілді. Оларға дайын бұйымдарды жасау технологиясы, түрлі материалдармен және аксессуарлармен жұмыс істеу үйретілді, – дейді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Меруерт Қасымова.

Тегін оқу мүмкіндігін өз бизнесін ашқысы келетіндер пайдаланды. Курстар қазіргі кәсіпкерлерге де көмектесті.

Әлия Сыздықова бірнеше жыл бұрын Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде ателье ашқан. "Еңбек" бағдарламасы бойынша білім алып, грант алды.
– Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында курстар туралы білдім. Мен біліктілігімді арттыру үшін бұл мүмкіндікті пайдалануды шештім. Оқу 10 күнге созылды. Осы уақыт ішінде мен көп нәрсені үйрендім және көптеген пайдалы нәрселерді білдім. Мені әсіресе модельдеу және киім дизайны қызықтырды. Барлық оқу барысында практикалық тапсырмалар орындалды. Мысалы, мен алжапқыштар жиынтығын, көйлек пен балалар костюмін тігіп үлгердім, – деді курсқа қатысушы.

Оқуды бітіргеннен кейін барлығына сертификаттар берілді.

Жыл соңына дейін Қарағанды облысында "Мен кәсіпкер" жобасы аясында басқа мамандықтар бойынша да курстар ұйымдастырылады: киіз басу, ірімшік жасау, жылыжай шаруашылығы, шаштараз және кондитерлік іс.