Қарағанды техникалық университетінің кітапханасында миллионға жуық кітап бар

Қарағанды техникалық университетінің кітапханасында миллионға жуық кітап бар

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің кітап қорында миллионға жуық дана бар. Бар-жоғы 146 мың атау. Олардың шамамен 80 пайызы – оқу және публицистикалық әдебиеттер.

– Әдеттегідей кітап қорын жаңарту туралы сөз қозғалған жоқ: баспа кітаптары олардың электронды нұсқаларына қарағанда әлдеқайда қымбат, – деп атап өтті Университет кітапханасының басшысы Баян Бейсембаева. – Ал қорды электронды түрде толықтыру үнемі жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, жыл сайын кафедра меңгерушілері дайындық бағыттары бойынша шығарылуы жоспарланған басылымдардың тізімін ұсынады. Университеттің жеке шағын баспаханасы бар, ал көптеген оқулықтардың, оқу құралдарының және монографиялардың авторлары – біздің оқытушылар. Орташа алғанда, осының есебінен ғана кітапхананың кітап қоры жыл сайын 230–240 данаға ұлғаяды.

2020 жылы университет цифрландыру процесін едәуір жеделдететін заманауи сканер сатып алды.

– Бүгін 455 беттік кітапты бір жұмыс күні ішінде сканерлеуге болады – электронды кітапхана осылай қалыптасады, – дейді Баян Бейсембаева. – Қазіргі уақытта оқырмандарға интернеттен 30 мыңнан астам оқулықтар мен оқу құралдары, ғылыми басылымдар мен жарияланымдар, мақалалар қолжетімді. Бұл жұмыс жалғасуда.

Биылғы жылы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ пайдаланушыларға кітап беруді бақылау үшін Rfid-кешенін сатып алды. Оны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің баспасөз қызметі