Экоакция шеңберінде Шахтинск жастары 4 тоннадан астам қоқыс жинады

Экоакция шеңберінде Шахтинск жастары 4 тоннадан астам қоқыс жинады

Шахтинск жастар ресурстық орталығы орман алдындағы екі гектар аумақты қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акция өткізді. 4 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

"Киелі табиғат" іс-шарасына "Жасыл ел" жауынгерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты.

Барлығы 50 адам тазалық шарасына өз үлестерін қосты.

"2 га аумақ тұрғындар тастаған қатты тұрмыстық қалдықтардан, пластиктен, шыныдан жасалған заттардан тазартылды. 4 тонна қоқыс шығарылды. Мұндай іс-шара жыл сайын өткізіледі, белгілі бір күн таңдалады және орман отырғызу алдында қала сыртындағы алаң тазаланады", – деді ұйымдастырушылар.