
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еңбек сіңірген ғылым қайраткері академик Зейнолла Молдахметовты мерейтойымен құттықтады. Ол 90 жасқа толды.
Өңір басшысы Зейнолла Молдахметов – көрнекті ғалым, 350-ден астам ғылыми еңбектің, алты монографияның, ЖОО-ға арналған оқулықтың авторы екенін атап өтті. Көп жылдар бойы ғылыми зерттеулерде ол физикалық химия саласында көптеген жаңалықтар ашқан. Ол PhD докторлары мен кандидаттарының бірнеше буынын тәрбиелеп өсірген.
– 90 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер отандық ғылымға зор үлес қостыңыздар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Сіздің ғылыми жаңалықтарыңыз бен бірегей тұжырымдарыңыз халықаралық ғылыми форумдарда жоғары бағаланады және бүгінгі күнге дейін ғылыми орта үшін үлкен қызығушылық тудырады. Зерттеулер мен ізденістерге толы сіздің өміріңіз біз үшін үлкен үлгі, баға жетпес мектеп. Біз сізбен мақтанамыз!
Ғалымның мерейтойына орай ұйымдастырылған ресми қабылдауда Қарағандыға академиктің Қазақстан мен таяу шетелден келген әріптестері жиналды.
Сондай-ақ, мерейтой иесіне ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, ҰҒА жоғары мектебінің вице-президенті Абдумүталіп Әбжаппаров пен қоғам және мемлекет қайраткері Бірғаным Әйтімова шын жүректен құттықтау сөздерін айтты.
– Зекен-аға - халықтың ұлы. Қарағандылықтарға ғана емес, бүкіл республикаға танымал және елімізде үлкен беделге ие, – деп атап өтті Бірғаным Әйтімова. – Зекен аға білім, ғылым және жалпы рухани даму саласында бірегей деп айта аламын. Ғылым мен қоғамның дамуына әркім осындай құнды үлес қоса алмайды.
Зейнолла Молдахметов 1933 жылы 3 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауылында дүниеге келген. 1965 жылдан бастап Қарағандыда тұрады. Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының Құрметті азаматы. Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қазақстан-Ресей университетінің ректоры, ҚР ҰМ-ға ОК академик-хатшысы, сондай-ақ оқытушылық қызметпен айналысқан.
Ғылым саласындағы жемісті және көп жылдық еңбегі үшін Зейнолла Молдахметов Қызыл Ту, "Парасат", "Достық" ордендерімен, Құрмет белгісімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.