Ермағанбет Бөлекпаев жаңа форматта Балқаш тұрғындарымен кездесті

Ермағанбет Бөлекпаев жаңа форматта Балқаш тұрғындарымен кездесті

Балқаштықтар облыс әкімімен, басқарма, полиция және экология департаментінің басшыларымен электронды кезек арқылы, залда микрофондар мен аудиториясыз өткен кездесудің жаңа форматын бағалай алды.

Металлургтер МҮ залында Ермағанбет Бөлекпаев әріптестерімен бірге қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Кездесу екі жарым сағатқа созылды.

Осы уақыт ішінде 69 адам жүгінді. Әрбір екінші тұрғын облыс әкіміне сұрақ қойды.

Балаларымен бірге келгендер үшін ойын алаңы ұйымдастырылды.

Балқаштықтарды ерекше толғандыратын және бірінші кезекте тұрған мәселе – сумен жабдықтау. Ермағанбет Бөлекпаевқа бірінші нөмірлі талонды Тайтолеу Жұманов бастаған ардагерлер кеңесінің тобы алды.

Белсенділер су тапшылығы мәселесін шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты. Ал Балқаш көлінің экологиясын жақсарту үшін қамыс тоғайларынан құтылу мақсатында шығанақтағы бөгеттер жүйесін өзгерту қажет деп санайды.

– Біз таза ауыз суды шамадан тыс көп жұмсаймыз. Біз онымен бақшаларымызды суарамыз. Комбинат та оны санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланады. Сонымен қатар, бұл суды автокөлік жуу орындары да тұтынады. Мұны реттеу қажет, айналымдағы су пайдаланылуы тиіс, – дейді Тайтолеу Жұманов. – Біздің сөзімізге мемлекеттік органдар құлақ асты, барлық ұсыныстарымызды жазып алды. Кездесуге ризамыз.

Тұрғындар сонымен қатар абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылым мен жолдардың сапасы, туризмді дамыту мәселелеріне қатысты ойларын жеткізді. Сонымен қатар, жер, тариф белгілеу, әлеуметтік көмек және медициналық қызметтер мәселелері көтерілді.

Жергілікті мәселелермен де келгендер болды. "Қазпошта" жұмысына шағымданды: Балқаштағы абоненттерге газеттер үлкен кідіріспен жеткізілетінін айтты.

Қаладағы білім беру бастауында болған танымал ұстаз Зинитулла Далибаевтың есімін мәңгілікке асқақтатуды сұрады.

Кездесуге Алматыдан келген қоғам қайраткері Әйгерім Тілеубай экологиялық қауіпсіздік жобалары туралы айтып берді. Ол пікірлестерімен бірге Балқаш көліне қамқорлық жасауға бағытталған мектеп ұйымдастырған.

Балқаш қаласының белсендісі Анар Адамбекованың пікірінше, кездесулердің жаңа форматы қызықты.

– Оның тиімді болуы маңызды. Мұнда барлық бөлімшелердің басшылары орналасқан. Егер адам жауапқа қанағаттанбаса, олар аймақ басшысына тікелей жүгіне алады. Бұл дұрыс деп санаймын, әр мәселе өз деңгейінде шешілуі тиіс, – деп атап өтті Балқаш қаласы әкімінің кеңесшісі.