
Бүгін Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының инфекциялық бөлімшесінен арнайы қызмет көрсету орталығынан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылған екі бала шығарылды. Олардың жағдайы айтарлықтай жақсарды, балалар медициналық-әлеуметтік мекеме дәрігерінің бақылауында болады.
Алты кәмелетке толмаған бала әлі де жан сақтау бөлімінде. Олар білікті мамандардың тәулік бойы бақылауында. Ауруханада тағы бес науқас бар. Олардың жағдайы тұрақты, нашарлау байқалмаған.
"1 тамызда қабылданған екі пациенттің біреуінде орташа ауырлық дәрежесі бар, екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де бөлімшеде, жағдайы тұрақты", – деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кету керек, балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында емханалардың медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған.