Қарағандыдағы Достық үйінде жанжалдардың алдын алу туралы айтылады

Қарағандыдағы Достық үйінде жанжалдардың алдын алу туралы айтылады

Қарағанды Достық үйінде 4 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің Ашық есік күні өтеді.

Кәсіби және қоғамдық медиаторлар консультацияларда жанжалды жағдайлардың алдын алу, әлеуметтік және құқықтық жанжалдарды шешу тетіктері, соттар мен құқық қорғау органдарын тартпай дауларды реттеу және шешу туралы әңгімелейді.

Барлық ниет білдірушілерді сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Шахтерлер даңғылы, 64, 202 кабинет мекенжайындағы Достық үйінде күтеді.