Ван Гог жас суретшінің қылқаламымен: Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында Илья Сережниковтың көрмесі ашылады

Ван Гог жас суретшінің қылқаламымен: Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында Илья Сережниковтың көрмесі ашылады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 4 тамызда сағат 12:00-де "Ван Гогтың жаңғыруы" атты көрме ашылады. Beautiful art студиясының он төрт жасар суретшісі Илья Сережников алғаш рет көрмеге қойылды.

Ол Винсент Ван Гогтың суреттерінің көшірмелерін салып, оларды қарағандылықтарға ұсынуға шешім қабылдаған.

– Біздің студияда Илья 2019 жылдан бері айналысады. Ол Ван Гогтың стилін жақсы көреді. Соңғы жылдары ол дәл осы суретшінің картиналарының көшірмелерін жасап келеді. Көрмеде 17 картина, оның ішінде әйгілі "Жұлдызды түн", Ван Гогтың сабан шляпадағы автопортреті және "Саятшылық" болады. Бұл оның алғашқы көрмесі. Мен мұғалімі ретінде оны қолдаймын. Біздің студиямыз үшін де бұл оқушының алғашқы жеке көрмесі, – деді Вeautiful art студиясының педагогы және жетекшісі Дмитрий Кецман.

Көрме 13 тамызға дейін жалғасады.