Қарағандылықтарды жыршы-жыраулар фестиваліне шақырады

Қарағандылықтарды жыршы-жыраулар фестиваліне шақырады

4 тамыз, жұма күні Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында жыршы-жырауларға арналған "Бұқарекең жырлайды" фестивалі өтеді. Басталуы 17:00.

Іс-шара Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған.

Көрермендер алдында белгілі жыршы-жыраулар Алмас Алматов, Амандық Көмеков, Өсербай Сәрсенбайұлы, Айгүл Қосанова, Әділбек Сарин, Ерболат Шалдыбеков, Айгүл Елшібаева, Ұлжан Байбосынова және басқа да жас таланттар өнер көрсетеді.

"Бұқарекең жырлайды" дәстүрлі ақын-жыршылар байқауын облыстық бос уақыт және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы 2008 жылдан бастап өткізіп келеді.