Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкерлері манекен-роботтарда біліктілігін арттыруда

Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкерлері манекен-роботтарда біліктілігін арттыруда

Дәрігерлер мен фельдшерлер манекен роботтарында біліктілігін арттырады.

Қарағандыда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында оқу-симуляциялық орталығы жұмыс істейді. Мұнда 400-ден астам жедел жәрдем қызметкері халықаралық стандарттар бойынша оқытылды.

Баспасөз туры кезінде журналистерге бұл орталықтың қанлай жұмыс істейтінін және оның алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға қалай көмектесетінін көрсетті.

– Біз жедел жәрдем қызметкерлерін реанимациялық іс-шаралар өткізуге, халықаралық стандарттар бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетуге үйретеміз. Қазіргі уақытта Galileo Medical Center (Израиль) қамқорлығымен дайындықтан өткен екі халықаралық нұсқаушы жұмыс істейді. Жақын арада нұсқаушылар штаты алтыға дейін ұлғайтылады. Бізде ересектер үшін де, балалар үшін де негізгі және кеңейтілген реанимация дағдыларын пысықтауға арналған 12 манекен-тренажер бар, – деді оқу-симуляциялық орталығының басшысы Вячеслав Рогозин.

Жабдық облыстық бюджет қаражатына сатып алынды.

Манекендерден бөлек, тренажерлар да бар.

Сонымен қатар, жедел жәрдем бригадалары пайдаланатын жабдықтардың барлығы бар: дефибрилляторлар, желдеткіштер, кардиографтар, реанимациялық жиынтықтар және т. б.

Сондай-ақ, орталықта диспетчерлердің біліктілігін арттыру үшін қоңырауларды қабылдау-тарату имитаторы жұмыс істейді.

– Шетелдік фильмдерден көрген шығарсыздар: диспетчер қандай да бір төтенше жағдайда қоңырауды үнемі ұстап тұрады, не істеу керектігін түсіндіреді. Бұл маңызды дағды, – деп атап өтті Вячеслав Рогозин.

Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлерін оқыту ағымға қойылады. Облыстың барлық қалалары мен аудандарының қызметкерлері өздерінің кәсіби дағдыларын шыңдай алады. Міндет – төтенше жағдайлардағы барлық әрекеттерді автлматизмге дейін пысықтау.

Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілерін алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріне үйрететін болады.

Барлық тілек білдірушілерді – медицинаға етене жақын емес адамдарды оқыту жоспарда бар. Бұл біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Облыстық жедел жәрдем қызметінде 1500-ге жуық адам – дәрігерлер, фельдшерлер, жүргізушілер жұмыс істейді.