Қарағандыда Түркістаннан археологиялық мұражай-қорықтың көрмесі ұйымдастырылады

Қарағандыда Түркістаннан археологиялық мұражай-қорықтың көрмесі ұйымдастырылады

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Отырар" мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығының (Түркістан қ.) қорынан "Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті" көрмесі өтеді. Ашылуы – 4 тамыз сағат 11:00.

Экспозиция келесі тақырыптар бойынша құрылған:

- Ұлы Жібек жолы және Отырар,

- Х–ХІ ғғ. Отырар Қарахан дәуірінде;

- ХІV–ХV ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар;

- ХІІ–ХІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында;

- Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы.

"Көрменің мақсаты – Отырар тарихымен, ежелгі жәдігерлермен, қасиетті өлкенің мәдениеті мен руханиятымен, ата-бабалардың бай мұрасымен таныстыру. Көрмеде мұражай қорының коллекциясынан археологиялық артефактілер – керамика бұйымдары, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар және т.б., сондай-ақ ескерткіштерге қатысты аэрофотосуреттер мен карталар ұсынылады", – деді Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайында.

Көрме 28 тамызға дейін жалғасады.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қарағанды қаласы, С. Ерубаев көшесі, 38 мекенжайында орналасқан.

Анықтама телефоны: 56-45-63 (экскурсиялық-бұқаралық бөлім).