
Абай ауданының командасы ХХХV облыстық жазғы ауылдық спартакиадада жеңіске жетті.

Жарыс Қарағандыда екі күн бойы өтті.

Өңірдің жеті ауданының 500-ден астам өкілі өз күштерін сынай алды.

Ауыл тұрғындары өз шеберліктерін спорттың 11 түрінен көрсетті: волейбол, шағын футбол, асық ату – бес асық, армрестлинг, гір спорты, президенттік көпсайыс, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және үстел теннисі.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын Абай ауданының командасына,

екінші орын Шет ауданына, үшінші орын Нұра ауданына бұйырды.

Абайлықтар өздерінің жеңіске жеткенін жиі жаттығулар мен өздеріне деген сенім болғанымен түсіндіреді.
– Біздің команда 20 рет осы жарыстардың жеңімпазы атанды, – дейді Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амангелді Нұрмұханов. – Спартакиаданы барлығы асыға күтеді. Жыл сайын біз команданы жаңартамыз. Жастар көп келеді. Айтпақшы, дене шынықтыру білімі бар адамдар бізде аз, полицейлер, дәрігерлер, кеншілер, мұғалімдер бар. Бұл біздің тұрғындар үшін емтихан іспеттес, оны өте жақсы тапсыра алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша