Орталық саябақта демалыс күндері өтетін іс-шаралар

Орталық саябақта демалыс күндері өтетін іс-шаралар

Қарағанды орталық саябағы қала тұрғындары мен қонақтарын демалыс күндерін тиімді өткізуге шақырады. Спорттық-мәдени іс-шаралар дайындалды.

29 шілде

16:00–18:00 – «9 регион» тобының қойылымы;

18:00–19:00 – қаланың би ұжымдарының өнер көрсетуі;

19:00–20:00 – «Қарағанды қара өлең» поэзия кеші;

20:00–22:00 – Диджей және аспаптық топтардың қатысуымен Park night party.

30 шілде

11:00 – зумба-жаттығу;

15:00–16:00 – «Рококо» сән театрының «Сән толқынында» атты концерті;

17:00–18:00 – «Қазақ дәстүрлі өнер кеші» шығармашылық кеші;

18:00–19:30 – «Гранд» қазіргі заманғы би ансамблі.

 

Аттракциондар 12:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді, балалар темір жолы – 11:00-ден 18:00-ге дейін (жолға аттану – әр сағат сайын).