Ұлттық банк қағаз 200 теңгелік купюраларға қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк қағаз 200 теңгелік купюраларға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту бойынша келіп түскен өтініштерге байланысты мәлімдеме жасады. Монетарлық реттеуші еске салады: бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға міндетті.

"Заңды төлем құралы болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында айналыстағы ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын атаулы құны бойынша қабылдаудан бас тарту" Әкімшілік құқық бұзушылық туралы "Қазақстан Республикасы Кодексінің 206 – бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады", – делінген хабарламада.

Ұлттық Банк номиналы 200 теңге болатын жаңа банкноттарды айналысқа шығаруды жүзеге асырмайды. Айналыстағы осы номиналдағы банкноттардың жүру мерзімі аяқталмайды, олардың табиғи тозуына қарай алынады және номиналы 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады.

Туындаған мәселелер бойынша кеңес алу үшін 1477 нөмірі бойынша Ұлттық Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады.

nationalbank.kz