"Террикон алқабы" ІТ-хабы жаңа "Акселератор" ағынына қосылуды ұсынады

"Террикон алқабы" ІТ-хабы жаңа "Акселератор" ағынына қосылуды ұсынады

"Террикон алқабы" ІТ-хабы шағын және орта бизнес өкілдерін даму нүктелерін табуға және компанияны масштабтауға көмектесетін "Акселератор" тегін оқыту бағдарламасына қатысуға шақырады.

"Акселераторға" қатысу арқылы келесі артықшылықтарға ие боласыз:

- жеке қатынас: бизнестің ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір қатысушыға дербестендірілген тәсіл әзірленді;

- тәлімгерлік қолдау: сарапшылар тобы әрдайым жақын, барлық мәселелер мен қиындықтарға көмектесуге дайын;

- практикалық құралдар: сіз бизнесте бірден қолдануға болатын дәлелденген құралдарға қол жеткізе аласыз.

"Акселераторға" қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет: terricon.kz.

"Ауселератор" – тәжірибелі сарапшылардың қолдауымен бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламасы.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.