
Шет ауданының жылқысы "Алтын-Тай – 2023" бірінші облыстық бәйгенің жеңімпазы атанды.

Жарыс Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында өтті.

Жылқылар мен олардың шабандоздары аламан байгеде – 20 км, құнан байгеде – 9 км және тай жарыста – 6 км сайысқа түсті. Бұл санаттағы бас жүлде – автомобиль.

Ат жарысына Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарынан 70 жылқы қатысты, оның 40-ы тай жарыста бақ сынасты.

Жарыстың ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының бәйге Федерациясы.

– Бәйгеге біздің өңірден келген жылқылар ғана қатысты, басқа облыстардан және елдерден әкелінген жылқылар болған жоқ. Жобаның мақсаты – жергілікті асыл тұқымды жылқыларды жарысқа шығару және олардан жақсы нәтиже алу. Біздің федерация осындай жарыстардың жыл сайын өткізіліп, дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады, – дейді Қарағанды облысы бәйге федерациясының президенті Асылназ Жұмашев.

Шет ауданының жылқылары біріншіден алтыншыға дейінгі орындарға ие болды. Олар жарыстың үздік қатысушылары атанды. "Алтын-Тай" атағына Жезкиік атты тұлпар ие болды. Иесі – Талғат Қабди.

Жетінші орын Ақтоғай ауданының жылқысына берілді.
