Қарағанды облысында әйелдер ірімшік жасау дағдылары мен басқа да мамандықтарға тегін оқытылады

Қарағанды облысында әйелдер ірімшік жасау дағдылары мен басқа да мамандықтарға тегін оқытылады

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы әйелдерді тегін курстарға шақырады. Оқыту бес бағыт бойынша жүргізіледі: киіз басу, ірімшік жасау, шаштараз, кондитерлік және жылыжай шаруашылығы. Бұл жұмысқа орналасуға немесе өз бизнесіңізді ашуға көмектеседі.

Облыста әйелдер кәсіпкерлігі дамуда. Бұған "Мен кәсіпкер" жобасын іске асыру ықпал етеді. Оқыту – мемлекеттік қолдау құралдарының бірі.

Өтінімдер барлық тілек білдірушілерден қабылданады. ӨКП менеджерлеріне хабарласу қажет.

Мекен-жайы: Қарағанды, Ермеков көшесі, 29, 1-қабат.

Анықтама үшін байланыс: + 7-771-451-29-70-бөлім басшысы Меруерт Қасымова, +7-771-271-33-66-менеджер-кеңесші Жанар Киштаева.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша