Қарағанды облысының әкімі жұмыс сапарымен Саранға барды

Қарағанды облысының әкімі жұмыс сапарымен Саранға барды

Saran индустриялық аймағында тұрмыстық техника зауытының құрылысы жалғасуда. Алғашқы жабдық алынды, монтаждау басталды.

Индустриялық аймақта жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып қайтты.

Қазіргі уақытта мұнда бес жоба жүзеге асырылуда. Бұл шина жасау, Artel тұрмыстық техникасы, ыстық мырыштау, болат түзу дәнекерленген электр дәнекерлеу құбырлары және мырышталған болат зауыттарының құрылысы. 2,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

"Silk Road Electronics" ЖШС директоры Талғат Әбдірахманов өңір басшысын тұрмыстық техника зауытындағы жұмыстардың барысымен таныстырды.

– Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтарды монтаждау жалғасуда. Біз 15 пайыз жабдықты алдық. Айдың соңына дейін 30-40% жеткізіледі деп күтіп отырмыз. Анағұрлым күрделі технологиялық жабдық жыл соңында келуі тиіс. Ол  дәнекерлеу, термопластикалық машиналар және басқалар. Біз үлкен құрылысты тамыздың аяғында – қыркүйектің басында бастауды жоспарлап отырмыз. Қызметкерлерді қабылдай бастау керек. Келесі аптада шикізат пен материалдарды жеткізуге арналған шартқа қол қоямыз, – деді Талғат Әбдірахманов.

Толық қуаты – жылына 1,1 млн өнім өндіруге кәсіпорын 2025 жылға қарай шығуы тиіс. Бастапқы кезеңде Саран, Шахтинск және Қарағандыдан 100-ден астам адам жұмысқа орналасады. Қызметкерлерді оқытуды компанияның өзбекстандық серіктесі жүргізеді. Алғашқы 15 адам Ташкентте тағылымдамадан өтті. Өзбекстаннан Саранға жұмысшыларды сол жерде оқыту үшін мамандар келді.

Сондай-ақ, жетіспейтін инфрақұрылымды индустриялық аймаққа және шина зауытына жеткізу жүріп жатыр. Облыс әкімін су тазарту құрылғыларының құрылысымен таныстырды. Модульдік ғимаратты монтаждау жүзеге асырылуда. Мұнда өндірісте қолданылатын техникалық суды тазартуға арналған технологиялық жабдықтар орналастырылады.

Өңір басшысы орталық жылу көзіне де барды. Мұнда бас корпустың құрылысы және бірінші қазандықты байланыстыру аяқталды. Қалған үш қазандық, циклондар мен сорғы жабдықтарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер үйлерге жылу желілерін салып, жылу тораптарын орнатады. 310 жылу пунктінің 40-ы дайын. Жыл соңына дейін 121 үйді орталықтандырылған жылуға қосу жоспарлануда.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мердігерге жұмыс кестесінен қалыс қалмауды, ал жергілікті билікке жылыту маусымына қолда бар қалалық қазандықтарды дайындауды, көмір сатып алуды бақылауды және барлық жерде пеш жағушылар болуы үшін жұмыскерлер жалдауды тапсырды.