Қарағанды хайуанаттар бағы жаңадан туылған жолбарыстарға есімдер ойлап табуды ұсынады

Қарағанды хайуанаттар бағы жаңадан туылған жолбарыстарға есімдер ойлап табуды ұсынады

Жақында Қарағанды хайуанаттар бағында жолбарыстар жұбында екі күшік пайда болды. Қызметкерлер оларға есім беруді ұсынады.

Жергілікті зоологиялық саябақта 15 жылда алғаш рет жолбарыстар дүниеге келді. Маусым айының басында Батыр мен Миа атты жыртқыштар ата-ана атанды.

Хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекованың айтуынша, жолбарыстар сәл өскенше көпшілікке көрсетілмеген. Бүгінгі таңда еркек және ұрғашы күшіктердің дені сау және белсенді, бірақ олар анасынан алыстамайды.

Енді оларға есім беру уақыты келді. Қарағанды хайуанаттар бағы дәстүр бойынша келушілерге жүгініп, байқау жариялады.

Шарттар келесідей:

- Instagram – дағы хайуанаттар бағының аккаунтына жазылу керек: @krgzoo;
- Байқау туралы жарияланымдарға лүпіл басу;

- комментарийде жолбарыстарға арналған атау нұсқаларын жазу;

- адам есімдерін қолданбау керек.

Байқау қорытындысы 29 шілдеде шығарылады.