
Жұма, 21 шілде, сағат 19:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында "Жайдарман" фестивалі өтеді. Қарағанды қаласы әкімінің кубогы үшін көңілді және тапқыр 11 команда күресетін болады.
Әзіл-сықақ байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы бас жүлденің иегерлерін анықтайды, 1, 2 және 3-орын, сондай-ақ "Үздік ойыншы" номинациясы бойынша марапат табысталатын болады.