
Қарағандылық құтқарушылар күн сайын облыстың су айдындарында профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Бұл жағалау белдеулерін, шомылуға қауіпті және тыйым салынған орындарды айналып өту, демалушыларға суда жүріс-тұрыс ережелері бар жадынамалар табыстаумен нұсқау беру және әңгімелесу. Қазірдің өзінде 2000-ға жуық патрульдер мен рейдтер өтті, оның ішінде полиция қызметкерлерімен бірге.
Әкімшілік жауапкершілікке 245 адам тартылды.
Ең көп таралған бұзушылықтар – жабдықталмаған жерлерде шомылу, спирттік ішімдіктер ішу, жеке құтқару құралдарынсыз жүзу.
"Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабына сәйкес тыйым салынған жерлерде шомылу ескертуге немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 5-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны немесе оларды сақтауға жауапты адам су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін 7-ден 60 АЕК-ке дейінгі айыппұл салынады.
Қайық немесе кемелерді, оның ішінде шағын көлемді қайықтарды пайдалану қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ шағын көлемді қайықтарды жеке құтқару құралдарын кимей немесе тақпай басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 582-бабына сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын келесі ережелерді сақтауға шақырады:
- жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- мас күйінде суға кірмеу және шомылмау;
- балаларды қараусыз қалдырмау;
- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеу;
- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарға сүңгуге болмайды;
- қалқымалардан әрі жүзбеңіздер;
- жағадан алыс жүзбеңіздер, өз күшіңізді асыра бағаламаңыздар;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;
- ересектердің сүйемелдеуінсіз балаларға суға түспеу;
- тәуліктің қараңғы уақытында шомылуға болмайды;
- жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болмау.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі