
№ 2 Қарағанды перинаталдық орталығы үшін жаңа туған нәрестелерге арналған 20 ашық реанимациялық жүйе сатып алынды. Неонатальды жабдық қарқынды терапияға, хирургиялық манипуляцияларға және терапевтік процедураларға арналған.

Көпфункционалды кешендер медициналық мекеменің барлық бөлімшелеріне – перзентханаға, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне және балалар реанимациясына бөлінді.
Жаңа жабдық қажетті температура мен ылғалдылықты сақтайды, сәбилерге ем жасау және диагностика, емдеу және хирургиялық манипуляцияларды жергілікті жерде жүргізуге мүмкіндік береді.

– Бұл анағұрлым жетілдірілген модельдер. Жаңа құрылғылардың параметрлері мен функциялары көбірек. Бұл жаңа туған нәрестелерге, соның ішінде дене салмағы өте төмен болып туылған сәбилерге күтім жасауды сапалы жақсартады. Бұдан басқа, біз Mindray-600 ересектерге арналған реанимациялық тыныс алу аппаратын алдық. Жабдық ересек пациенттерге реанимациялық күтім жасауды жеңілдетеді, – дейді № 2 перинаталдық орталықтың басшысы Жарқын Нұркеева.
Қазір аппаратураны инженерлер орнатуда.