Қарағанды – Теміртау тас жолының бойындағы орманшықтан 30-дан астам қап қоқыс жинады

Қарағанды – Теміртау тас жолының бойындағы орманшықтан 30-дан астам қап қоқыс жинады

Қоршаған ортаға қамқорлық танытатын қарағандылықтар Қарағанды – Теміртау тас жолында және оған іргелес орман екпелерінде 30 қаптан астам қоқыс жинады. Сенбілікті Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды.

Акцияға қатысушылар тазалау және көлік үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Сенбілік "Бөл, тапсыр, қайта өңде! " жобасы аясында өтті.

"Қоқыс әртүрлі қаптарға сұрыпталды. 14 қап пластик, 3 металл бұйымдар, 6 – шыны, 4 – қағаз, 4 – аралас қоқыс шықты. Мұның бәрі бірден қайта өңдеуге жіберілді және көп ұзамай бұл қалдықтар қайта өңделетін затқа айналады", – дейді ұйымдастырушылар.

Сенбіліктен кейін пикник пен эко сыйлықтары бар викторина ұйымдастырылды.

Осы жазда мұндай тазалық шаралары тағы бірнеше рет өткізіледі.