
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы барлық ниет білдірушілерді 15 шілдеде сенбілікке қатысуға шақырады. Қоқысты бөлек жинау Қарағанды – Теміртау тас жолында ("Бүркіт" кемпинг ауданында) орман екпесінде өтеді.

Сенбілік өтетін жерге барлық қатысушылар жайлы автобуспен жеткізіледі.

Ұйымдастырушылар еріктілерді қолғаппен және қоқыс дорбаларымен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, пикник пен жүлделі викторина жоспарланған.
Жинау орны мен уақыты: каскадты алаң, 09:30-дан 10:00-ге дейін.
Анықтама телефоны: +7-775-989-45-43.
Тазалық акциясы "Бөл! Тапсыр! Қайта өңде!” жобасы аясында ұйымдастырылады.