
Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында 14 және 15 шілдеде "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өтеді.
Тұрғындар полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері, әкімшілік айыппұлдар туралы сұрақтар қоя алады, полицияның мемлекеттік қызметтері туралы және полицияға қалай қызметке орнпласуға болатындығы туралы біле алады.
Акцияның негізгі мақсаты - полиция бөлімшелері қызметінің түрлі мәселелері бойынша азаматтардың мәселелерін жедел шешу, оның ішінде автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін, паспорттар мен жеке куәліктерді беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол қозғалысын ұйымдастыру, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу және т. б. бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету.
Акцияны өткізу кезінде +7-702-236-84-10 сенім телефоны әрекет етеді.
ІІО қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдануға болатын сенім телефоны: (8 -7212) 42-93-39.
"Жолда қабылдау" өтетін орындар:
- Қарағанды - "Арлан Моторс" БО алаңында (134-ші есептік квартал, 709-құрылыс), сондай-ақ "УМАЙ" СО алдында (К.Маркс көшесі, 9).
Теміртау:
- Теміртау қаласының ХҚКО (Республика даңғылы, 128);
Шахтинск:
- Шахтинск МҮ (Абай даңғылы, 23а).
Саран:
- Саран ХҚКО (Жамбыл көшесі, 85/3).
Балқаш:
- Балқаш ХҚКО (Бөкейханов ш / а, 18-үй).
Приозерск:
- Достық көшесі, 6.
Абай ауданы:
- Абай ХҚКО (Абай көшесі, 54).
Бұқар жырау ауданы:
- Бұқар Жырау ауданының ХҚКО (Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 49б)
Шет ауданы:
- Шет ауданының ХҚКО (Ақсу-Аюлы ауылы, Жапақов көшесі, 23/1).
Осакаров ауданы:
Осакаров ауданының салық басқармасы (Осакаровка кенті, А. Бөкейхан көшесі, 118)
Нұра ауданы:
- Нұра ауданының әкімдігі (Нұра кенті, Абай көшесі, 47).
Ақтоғай ауданы:
- Ақтоғай ауылы «Халық Банк» алаңы (Бөкейхан көшесі, 5)
Қарқаралы ауданы:
- Қарқаралы ауданының орталық саябағы.
Қарағанды облысы ПД ақпараты бойынша