
eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Колледж дипломы» қолжетімді.
Колледж дипломы – арнаулы орта білімнің бар екендігін куәландыратын құжат. Енді сіз осы цифрлық құжатты eGov Mobile қосымшасы орнатылған смартфонмен электронды түрде ұсына аласыз.

Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады.
Цифрлық құжат – түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 27 құжат қолжетімді: оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар.
Сіз мобильді қосымшаны iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасынан, сондай-ақ Android жүйесінің пайдаланушылары үшін Play Market және App Gallery-ден жүктей аласыз.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпапаты бойынша