
Атырауда жасөспірімдер арасындағы өрт-құтқару спортынан Қазақстан чемпионатында қарағандылық Антон Мартынов "оқу мұнарасының 2-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу" пәнінен алтын медаль жеңіп алды. Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде оған ақшалай сыйлық табыс етілді.

Антон биыл абсолютті чемпион атанды. Ол № 32 жалпы білім беретін мектептің тоғызыншы сыныбында оқиды. Өрт-құтқару спортымен 10 жастан бастап айналысады.
Спортшы ҚР жасөспірімдер ұлттық құрамасына іріктелді. 20 шілде мен 2 тамыз аралығында Орал қаласында өрт-құтқару спорты бойынша жаттығу жиындары өтеді. Содан кейін ол Саранск қаласында (РФ) өткен өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатына қатысады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша