Нұра ауданында жастар аллеясы мен коворкинг-орталық ашылды

Нұра ауданында жастар аллеясы мен коворкинг-орталық ашылды

Қарағанды облысының Нұра кентінде екі жастар аллеясы пайда болып, коворкинг орталығы ашылды.

– Нұра кентінде біз жастардың екі аллеясын жабдықтадық: асфальт төседік, орындықтар орнаттық. Жақында көшедегі онлайн караоке пайда болады. Егер жастарға бұл аллеялар ұнаса, оларды абаттандыру одан әрі жалғасады, – дейді Нұра ауданының ЖРО директоры Талғат Шолтаев.

Оның айтуынша, аллеялар қазірдің өзінде жастар мен ауыл тұрғындары арасында танымал. Әр кеш сайын музыкалық аспаптарда ойнайды, ән айтады.

Сондай-ақ, Нұрада аудан бойынша екінші коворкинг-орталық ашылды. Ол орталық кітапханада орналасқан және барлық қажетті заттармен жабдықталған.

– Коворкинг демалыс күндерінсіз жұмыс істейді – дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал сенбі мен жексенбіде 13:00-ден 21:00-ге дейін. Мұнда жастар бос уақытын тиімді өткізеді. Коворкингте теледидар, компьютерлер, тегін Wi-Fi, сондай-ақ үстел ойындары – шахтамалар, тоғызқұмалақ бар. Демалу және оқу аймақтары да жабдықталған. Бұл аудандағы екінші коворкинг-орталық, тағы біреуі Шұбаркөл кентінде, – деді Талғат Шолтаев.

Бүгінде ауданда 35 жасқа дейінгі 4854 адам тұрады.