Қарағанды маңында парашют спортынан облыс чемпионаты өтті

Қарағанды маңында парашют спортынан облыс чемпионаты өтті

Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылының ауданындағы "Балапан" әуеайлағында жарқын спорттық іс-шара – қону дәлдігіне арналған парашют спортынан Қарағанды облысының ашық чемпионаты өтті.

Жарысқа 24 спортшы қатысты.

Қарағанды, Алматы, Балқаш, Теміртау қалаларынан және 50085 әскери бөлімінен барлығы бес команда өзара бақ сынасты.

Жарыстың ең жас қатысушысы 16 жаста. Жасына қарамастан, оның есебінде 180-нен астам парашютпен секіру тіркелген.

Ең егде парашютшы 67 жаста.

Жарыстың ұйымдастырушысы – Қарағанды облысындағы Қазақстан авиациялық спорт федерациясы.

– Чемпионат ұзақ үзілістен кейін қайта басталды. Жас шектеулері жоқ. Қатысушылар арасында қыздар да болды. Қону дәлдігіне жеке және командалық секірулер жасалды. Екі жүйе қатысты – "Қанат" типті парашют және Д-1-5У дөңгелек парашюттері. Секіру биіктігі – 1200 км. Спортшылар нәтижені тіркейтін электрондық құрылғы жатқан төсенішке қонуы тиіс болды, – деді "Қарағанды облысындағы Қазақстан авиациялық спорт федерациясы" РҚБ филиалының директоры Игорь Борсяк.

Біріншіліктің нәтижелері бойынша Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының атынан қатысатын команда құрылады.