Қарағандыда 2023 жылдың үздік тауары таңдалады

Қарағандыда 2023 жылдың үздік тауары таңдалады

Қарағанды орталық саябағында 15 шілдеде "Қазақстанның үздік тауары – 2023" өңірлік көрме-конкурсының қорытындысы шығарылады. Қарағандылықтар жергілікті тауарлардың алуан түрлілігін тамашалап қана қоймай, көргендерін сатып та ала алады. Кіру тегін.

Өз өнімдерін 70-ке жуық жергілікті қарағандылық өндірушілер ұсынады. Кәсіпкерлер "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халық үшін үздік тауарлар" және "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациялары бойынша жеңіске жету үшін күресетін болады. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің арнайы сыйлығы тағайындалды.

Республикалық байқауда өңірдің намысын қорғауға аттанатын тоғыз жеңімпаз анықталады.

Сондай-ақ, "Бір ауыл – бір өнім" жобасына қатысушылардың көрмесі өтеді. Өз тауарларын 20 ауыл кәсіпкері ұсынады.

"Бір ауыл – бір өнім" жобасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы іске асыратын "Мен кәсіпкер" бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.

"Қазақстанның үздік тауары – 2023" көрме-конкурсының басталуы сағат 10:00-де.