
Теміртауда академиялық есуден Қазақстан командалық чемпионаты басталды. Жарысқа Астана, Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының құрамалары қатысуда.

Бағдарламаның 20 түрінен 150-ге жуық спортшы бақ сынайды. Жарыс Теміртау ескек есу спорты бойынша ОРМБЖСМ базасында өтеді.

– Нақты көшбасшы жоқ. Бағдарламаның 20 түрі бойынша өңірлердің әрқайсысы біршама мықты, – дейді академиялық есуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Асылан Құсайынов. – Әр аймақ 5–6 түрде жеңіске ие бола алады. Нәтиже жалпы есептер бойынша жарыстың соңында ғана белгілі болады. 2022 жылы біздің спортшылар Азия чемпионатына қатысты. Жастар төрт алтын мен төрт қола, ересектер бір қола жеңіп алды. Осы маусымда біз 62-ші Үлкен Мәскеу регатасында болдық, онда екі күміс пен қола жеңіп алдық. Қазір біз Азия ойындарына, 18 жасқа дейінгі Азия чемпионатына және 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатына дайындалып жатырмыз.

Жарыстың бірінші күні жеңіл салмақта 2 км-ге жекелей жарыста ҚР бірнеше дүркін чемпионы астаналық Мария Чернец жеңіске жетті.
– Мен ескекпен 15 жасымнан бері айналысамын. Бұл менің сүйікті спорт түріме айналғанына 8 жыл болды. Ол мені өзінің сұлулығымен тартады. Құмарлық пен жылдамдық ұнайды. Қазақстанда бәсекелестік артып келеді, ескекшілер өте көп. Мен Азия ойындарына іріктеуден өттім, менің басты мақсатым – оларды жеңіп алу, – деді Мария.

Жарыс нәтижелері бойынша 13 шілдеде Қазақстанның үздік командасы анықталады.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша