Теміртау театры көрермендерге арналған екі онлайн-жобаны іске қосты

Теміртау театры көрермендерге арналған екі онлайн-жобаны іске қосты

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры демалысқа шықты, бірақ виртуалды кеңістікте көрермендермен байланыста қалатындарын жеткізді. Театрдың Instagram желісінде екі жаңа онлайн-жоба іске қосылды – "Бесті әкел!" және "Тамаша демалыс рецепті". 

Енді көрермендер театр актерлерімен және қызметкерлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

"Бесті әкел!" жобасына қатысушылар кітаптардағы, фильмдердегі, спектакльдердегі, музыкадағы қалаулары туралы әңгімелесіп, сонымен қатар кеңес, әдет немесе дәйексөзбен бөліседі.

Ал "Тамаша демалыс рецептінде" көрермен театр қызметкерлерінің бос уақытын қалай өткізуді ұнататыны туралы біледі.

Хабарламалар күн сайын шығады.

Театр Instagram: @temirtau.tuz.