
"Террикон алқабы" ІТ-хабы шілде айындағы неконференцияға қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын жариялады. ІТ- және Digital-мамандарға арналған іс-шара 28 шілдеде өтеді.
Төрт спикер білімімен бөліседі – олардың әрқайсысы өз ісінің маманы.

Qwant жоғары технологиялар мектебінің CEO маманы Амина Байкенова "Команданы дамыту аясында өнім көрсеткіштері, қалай және не үшін қажет" деп аталатын дәріс оқиды.

Chevron жобасындағы аға бизнес-талдаушы Дана Исаханова компанияға осы кәсіптегі адам не үшін қажет екенін айтып береді.
Әлішер Мелдебек, "Jusan-дүкенде" Lead Frontend Developer, ол "Веб-қосымшалардың өнімділігін оңтайландыру" тақырыбын ашады.

Senior Business Analyst, Norsec Delta Projects Нұрлыбек Ізтелеуов "User Story Mapping: жобада жұмыс істеуге басымдық беру қаншалықты оңай" дәрісін оқиды.
Неконференция форматы – онлайн және офлайн.
Басталуы 18:30.
Қатысушыларды тіркеу terricon.kz сайтында өтеді.
"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.