Қарағандылық құтқарушылар Абай облысындағы өрт кезінде ерлік танытқаны үшін марапатталды

Қарағандылық құтқарушылар Абай облысындағы өрт кезінде ерлік танытқаны үшін марапатталды

Қарағанды облысы ТЖД-нің екі қызметкері Абай облысында төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Барлығы 22 қазақстандық марапатталды.

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Мамандандырылған жасағының бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Бекболат Жиренов "Ерігі үшін" медалімен марапатталды. 2016 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді.

Ілияс Қасымов Балқаш қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесін басқарады, ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. 2015 жылдан бастап қызметте.

Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Абай облысындағы өртті жоюға қатысушыларға мемлекеттік наградаларды табыс етіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 8 маусымда "Семей орманы" Батпаев орманшылығының аумағында орман өрті өршіген болатын. Сол күні Қарағандылық өрт сөндірушілер Абай облысына көмекке аттанды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша