Республикалық чемпионатта қарағандылық жүзушілер 19 медаль жеңіп алды

Республикалық чемпионатта қарағандылық жүзушілер 19 медаль жеңіп алды

Қонаевта ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті.

Жүзуден Қарағанды олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушілері рекордтық марапаттарға ие болды. Олар қоржынына 19 медаль жинады.

Жеңіс үшін 11 өңірден 145 спортшы күресті. Биылғы жылы чемпионатта қарағандылық жүзушілер бұрынғыға қарағанда төрт медальға артық жеңіп алды.

Жарыстың жеңімпаздары Ярослав Губарев (бірінші орын – 500, 5000 және 10000 м) және Иван Лисицын (бірінші орын – бір теңіз милі (1852 м), 500 м және екінші орын – 3000 м) болды. Республикалық біріншіліктің жүлдегерлері – Эрик Залиев, Лиона Загриценко, Варвара Купчик, Никита Борисов, Тимур Касимов, Даниил Абросов және Тимофей Лебедев.

– Жарыс қорытындысы бойынша ҚР спорт шеберлерінің нормативтерін Купчик, Загриценко, Борисов және Қасымов орындады. Біздің кейбір балаларымыздың жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігі бар, – деп атап өтті облыстың ашық суда жүзуден аға жаттықтырушысы Евгений Аленушка.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша