
Қарағандылықтардың сүйікті DosStar оперетта және мюзикл фестивалі биыл қыркүйек айында өтеді. Өнер сүйер қауымды Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Франция, Польша елдерінің жетекші солистері қатысатын орасан зор бағдарлама күтіп тұр.

"Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында 22–24 қыркүйекте ең ірі музыкалық іс-шара, ҚАМКТ визит карточкасына айналған – XII ашық оперетта және DosStar мюзикл фестивалі өтеді. Жылдан жылға бұл әлемнің түкпір-түкпіріндегі өнер сүйер қауымның қызығушылығын тудырып келеді. Мерейтойлық, 50-ші маусымда біз сіздерді керемет бағдарламамен қуантамыз", – деді ұйымдастырушылар.

Фестивальдің бірінші күні, 22 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Алексей Рыбниковтың "Юнона и Авось" ритм-рок балетін ұсынады.
Келесі күні, 23 қыркүйекте Иоганн Штраустың әйгілі "Летучая мышь" опереттасы халықаралық құраммен орындалады. Рөлдерде: Розалинда – Вероника Гришуленко (Ресей, Новосибирск), Генрих Эйзенштейн – Олег Корж (Ресей, Санкт-Петербург), Адель – Эльвира Авзалова (Ресей, Челябинск), Фальк – Иван Перевощиков (Ресей, Иркутск), Альфред – Суръат Артыков (Өзбекстан, Ташкент), Франк – Антон Заянчковский (Беларусь, Минск), Кезекші – Алексей Кортнев, актер, әнші, "Несчастный случай" тобының жетекшісі (Ресей, Мәскеу), Орманшы – Петр Зизяк (Польша, Щецин).
24 қыркүйектегі гала-концертте Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Франция, Польшаның жетекші солистері өнер көрсетеді.
Билеттер қазірдің өзінде сатылымға шықты. Оларды ҚАМКТ кассасынан немесе "Тикетоннан" сатып алуға болады.