
Шахтинск қаласында әйелдер арасында XI облыстық спартакиада өтуде. Оған Қарағанды өңірінің қалалары мен аудандарынан 400-ге жуық түрлі кәсіп өкілдері қатысуда.

Біріншіліктің ашылуы "Тентек" СК-де өтті.

Ашылу салтанатынан соң спорттың жеті түрінен жарыс басталды: волейбол, дойбы, тоғызқұмалақ, бес асық, үстел теннисі, президенттік көпсайыс және стритбол.

Абайдан келген Дарья Мисоцкая бірде-бір спартакиаданы жібермейтінін айтады. Он бірінші жыл қатарынан спортшы баскетбол жарыстарында өз қаласының намысын қорғап келеді.
– Мен өзім бірнеше жылдан бері спортпен айналысамын, – дейді 25 жастағы Дарья Мисоцкая. – Менде баскетболдан бірінші ересек разряд бар, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар, түрлі турнирлерге қатысамын. Мен қазір әуесқой ретінде ойнаймын, негізі фотограф болып жұмыс істеймін. Біздің баскетбол командамызда жаттықтырушылар, косметологтар, оқытушылар, басқа мамандықтардың өкілдері бар. Әдеттегідей дайындалдық: жаттығу және тағы да жаттығу.

Нұра ауданының қатысушылары Қазтұтынуодағы ҚЭУ студенті Лика Кабакова және Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ студенті Евгения Бенко – волейбол командасының мүшелері. Қыздар спартакиадаға бірінші рет қатысып отырған жоқ.
– Мен волейболмен жақында айналыса бастадым, бұрын баскетбол ойнайтынмын, – дейді Лика. – Жарақат алып, спорт түрін өзгерттім, волейболды да жақсы көре бастадым. Бұл менің қатысып отырған үшінші спартакиадам. Спортпен мен бала кезімнен жақынмын. Менің ойымша, спартакиадалар әрқашан қызықты, әсіресе жастар үшін.

Жарыстың қорытындысы бүгін, 5 шілдеде шығады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы