Қарағандылықтарды итальяндық халық музыкасының концертіне шақырады

Қарағандылықтарды итальяндық халық музыкасының концертіне шақырады

9 шілдеде Қарағанды Дева Мария Фатимская шіркеуінде "Кім аспанға қалықтағысы келеді" атты итальяндық халық музыкасының концерті өтеді. Іс-шара Италия елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Амброджио Спараньидің жетекшілігімен Гаэта қаласынан келген ансамбль өнер көрсетеді. Оның құрамында: әнші Анна-Рита Колаянни, әнші және мульти аспапшы Рафаэлло Симеони және мульти аспапшы Эрасмо Трелья.

Ежелгі итальян тілінде және әртүрлі итальян диалектілерінде жазылған музыкалық шығармалар орындалады.

Концерт бағдарламасымен шіркеудің Instagram парақшасында танысуға болады: @gan_krg.

Кіру тегін.

Шіркеудің мекен-жайы: Кеншілер даңғылы, 32.