
Кәсіпкерлер, робототехниктер мен студенттер 17 шілдеде сағат 19:00-де "Террикон алқабы" ІТ-хабына "Робототехника бойынша білім беру саласында бизнесті қалай құруға болады" атты тегін митапқа шақырылады. Іс-шараға офлайн және онлайн қатысуға болады.
Астанадан келетін спикер – "Роботек" тобы" CEO негізін қалаушы Санжар Шалқарбеков өз тәжірибесімен бөліседі.
Сонымен қатар оқыту шарасында:
- клиенттерді қалай табуға болатыны
- сұранысқа ие өнімді қалай жасауға болатыны
- клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді қалай ұйымдастыруға болатыны айтылады.
Сілтеме бойынша тіркелу қажет: terricon.kz/
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.
"Террикон алқабы" ІТ-hubы Алалыкина, 12 мекенжайы бойынша орналасқан.