
Музыка тыңдау, қандай да бір қажетті затты сатып алу және мұқтаж балаға көмектесу – 8 шілдеде жаңа гараж сатылымында қарағандылықтарға осындай мүмкіндік беріледі. Дәстүр бойынша қайырымдылық шарасы Қарағанды Экомұражайында өтеді.
Garage Sale – 23 жәрмеңкесінде "сандықтағы" заттарды сатып ала аласыз: кітаптар, ойыншықтар, киім, аяқ киім, тұрмыстық заттар, сонымен қатар картиналар, кәдесыйлар, қолдан жасалған зергерлік бұйымдар. Барлығы 40 сатушы тіркелді.
Сатудан түскен қаражат 7 жасар Дарья Гудзьдің есту сенсорлық ынталандыру (Tomatis Talk up) түзету курстарын төлеуге жұмсалады. Қыз баланың диагнозы – "атипиялық аутизм, ПСДТ". Бір курстың құны – 140 мың теңге.
Іс-шарада қарағандылық шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.
Кіру тегін.
Жәрмеңке 10:30-дан 17:30-ға дейін өтеді.
Мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 47.
Толығырақ Instagram-да: @garagesale_karaganda.