Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәжілісмендер Бауыржан Смағұлов, Құдайберген Бексұлтанов және Арман Қалықовпен кездесті.

Кездесу барысында депутаттардың жұмыс сапарының жоспарлары айтылды, өңірдің проблемалық мәселелері, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы талқыланды.

Мәжілісмендердің жұмыс сапары облыстың ЖЭО-на баруды қамтиды.

Депутаттар сондай-ақ AMANAT партиясының "Халықпен бірге!" сайлау алды бағдарламасының Жол картасында белгіленген мәселелердің орындалуы бойынша сайлаушылармен кездеседі.

@amanat_qaragandy_oblysy