
Г. Головкин атындағы ДСК-да Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілері арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарыс балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орайластырылды.

Жарысқа ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен сегіз команда қатысты.

"ҚазСуШаруашылығы" РМК Қ. Сәтбаев атындағы канал филиалының командасы ең мықты болды.

Екінші орынды "ҚазСуШараушылығы" РМК Қарағанды филиалы, үшінші орынды – Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жеңіп алды.
"Үздік қақпашы" номинациясын "ҚазСуШаруашылығы" РМК Қарағанды филиалы командасының спортшысы жеңіп алды. Үздік шабуылшы "Қазсушар" РМК Қ. Сәтбаев атындағы канал филиалының футболшысы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, грамоталар мен медальдар табысталды.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы