
Жан, еркіндік, үйлесімділік – қарағандылықтар домбырамен өз үйлесімдіктерін кенеп бетіне салды. Ұлттық мереке қарсаңында Облыстық бейнелеу өнері мұражайында арт-импровизация өтті. Шараға кез келген адам қатыса алды.

Мұражай залдарының бірінде импровизацияланған шеберхана ашылды. Мольберттер алдына кәсіби суретшілер де, әуесқойлар да тұрып, өнерлерін ортаға салды. Оларға шығармашылықта толық еркіндік, сондай-ақ қажетті материалдар берілді.

Шығармашылық акцияда мұражайдың серіктесі Елена Кондратьеваның жетекшілігімен "Коварная утка" шығармашылық шеберханасы болды.

Үлгі ретінде домбырамен натюрморт дайындалды. Қатысушылар музыкадан да шабыт алды.

Суретші Бейбіт Мұстафин көрермендерді домбыра ойынымен қуантты.
– Музыкада мен әуесқоймын. Бірақ менің репертуарымда көптеген күйлер бар – жүзден астам. Бұл домбыраны маған суретші досым Ғалым Қаржасов сыйға тартқан болатын. Бұл аспапқа шамамен 20 жыл толды, – деп бөлісті қонақ және өнер импровизациясының қатысушысы. – Домбыра – айналамыздағы барлық нәрселермен үйлесімділік!
Бейбіт Мұстафин әйел портретінің эскизін жасады.

Өнертанушы-дизайнер Анастасия Филиппова домбыраны абстракционизм стилінде бейнеледі. Бұл ретте ол жарқын және жылы реңктерді қолданды. Ол домбыраны бостандықпен, үймен және жылумен байланыстырады.

Ken'jol инновациялық даму альянсының өкілі Дия Ержанова алғаш рет өнер импровизациясына қатысқанын айтады.
– Домбыра – бұл түрлі реңктермен толқып тұратын жан іспеттес. Оның үлкен әлеуеті бар – ең нәзік ноталардан бастап, шексіз қуанышқа дейін. Сонымен бірге бұл еркіндік, жел. Туған жердің кеңдігін көргенде, жанымыз ән айтады және онымен бөліскің келеді, – дейді өнер сүйер.

Мүсінші Сергей Шешенов эскизді сызды. Мүмкін, экспромттық сурет болашақ мүсіндік композицияның бастамасы болар.

Ең жас суретші – Линара Ғазиз Қарағандыға Қостанайдан қонаққа келген. Бұл күні әжесі оны мұражайға алып келді. Қыз бала саңырауқұлақттарды салғысы келді, өйткені ол музыка мен табиғатты жақсы көреді.

Қазақстанда домбыра күні шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Қарағанды облысында 2 шілдеде ұлттық мерекеге орай флешмобтар мен басқа да акциялар өтеді. Мысалы, Қарағандының Майқұдық шағын ауданында, Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақта 300 домбырашы бір мезгілде Құрманғазы күйлерін орындайды. Теміртау тұрғындарын музыкалық мерекеге "Восток" мәдениет және демалыс саябағына шақырады. Балқашта домбыра күніне орай бірегей экспонаттар көрмесі ұйымдастырылды.